| Аспан, аспан шайдай ашық, | 
| Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық. | 
| Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден | 
| Телмірем жандай ғашық. | 
| Қолға келіп қонса жұлдыз, | 
| Жанға серік болса жұлдыз. | 
| Ғарышқа қанат қақты самғап | 
| Туған жерден қанша ұл-қыз. | 
| Құс жолы шақырады арман құсап, | 
| Жұлдыздар жайып алдан құшақ. | 
| Жаса мәңгі, жырға толы өлкем, | 
| Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем! | 
| Сен, Отан, достық әннен қуат алған, | 
| Бақыт құсы бүгін ұя салған. | 
| Келді жайнап бала көктем, | 
| Күткен еді дала көптен. | 
| Шалғынды тербей есті ерке самал, | 
| Жібектей жаңа леппен. | 
| Ауыл, саған талмай ұштық, | 
| Бұлақ суын қанбай іштік. | 
| Қарлығаш ұя салған туған | 
| Үйлер бізге қандай ыстық. | 
| Кең дала шақырады арман құсап, | 
| Жұлдыздар жайып алдан құшақ. | 
| Жаса мәңгі, жырға толы өлкем, | 
| Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем! | 
| Сен, Отан, достық әннен қуат алған, | 
| Бақыт құсы бүгін ұя салған. | 
| Жаса мәңгі, жырға толы өлкем, | 
| Жаса мәңгі, нұрға толы көркем өлкем! | 
| Сен, Отан, жастык әннен қуат алған, | 
| Бақыт құсы бүгін ұя салған. |